Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көптілділік тұжырымдамасын қолдап, бірнеше тілді меңгеру – заман талабы әрі бәсекелік артықшылық екенін атап өткен болатын. Қазіргі балалар шет тілдерін оңай меңгеріп, қосымша үйірмелерге қызығушылықпен қатысуда. Ағылшын тілі сабағының біріне біздің түсірілім тобы барып қайтқан болатын.
Оқушылар сарайы – ерекше білім беру алаңы. Мұнда балалардың қабілетін ашып, жаңа білім алуына мүмкіндік жасалған. Ағылшын тілін үйрену балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін және ойлау жүйесін дамытады. Бұл әлемдік білімге жол ашып, сенімділікті арттырып, болашақта табысты болуға көмектеседі.
ГҮЛНҰР СМАҒҰЛОВА «DIGITAL ENGLISH» ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ
Іңкәр Есжан ағылшын тілін қосымша түрде бір жылға жуық уақыттан бері оқып келеді. Оның айтуынша, сабақтардың ойын форматында өтуі ұнайды. Материал мектеп бағдарламасына қарағанда жеңілірек әрі түсінікті беріледі.
ІҢКӘР ЕСЖАН, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ
Тіл үйрену өзге халықтың мәдениеті мен дәстүрін тануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, адамның дүниетанымын кеңейтіп, әлемге деген көзқарасын қалыптастырады. Өз еліңнен тыс жерде де қызықты әрі жаңа дүниелер көп екенін түсінуге жол ашады.