Өңірде осымен екінші рет қазақ күресінен «Өнер көкжалы» турнирі өтті. Бір қызығы, бұл додаға кәсіби спортшылар емес, ақын-жазушылар мен әншілер қатысты. Мәдениет қызметкерлерінің төл мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыста өнерпаздар бұл жолы спорттағы баптарын сынап көрді. 

Екінші жыл қатарынан сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармония әншілері әсем әнмен ашты. Бұдан кейін бозкілем үстіне жарысқа қатысушы 40 палуан шақырылды. «Өнер көкжалы» облыстық турнирі өңірдің мәдениет саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың күш сынасатын алаңы. Сайысқа облыстың 13 ауданынан келген өнерпаздар 80 келіге дейінгі және 80 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша бақ сынасты.

Снх: ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Бозкілемге шыққан жігіттер намысты қолдан бермеуге тырысты. Жекпе-жек барысында қазақ күресінің барлық ережелері қатаң сақталып, палуандар сан түрлі айла-тәсілдерді шебер қолдана білді. Бәсекеге Айыртау ауданының намысын қорғауға келген Еркін Нұрбахтинов мәдениет саласында 11 жылдан бері тынбай еңбек етіп келеді. Ол өткен жылғы жарыста жүлделі екінші орынды иеленген болатын.

Снх: ЕРКІН НҰРБАХТИНОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДЫБЫС ОПЕРАТОРЫ:

Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Ал жарыстың бас жүлдесі алтынмен апталып, күміспен күптелген ерекше белдік.Сондықтан да бозкілемдегі жігіттердің белдесуі тартысты өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі дәстүр келесі жылы да өз жалғасын таппақ.