Фильм барысында Жақсылық Үшкемпіров жеңіс тұғырынан көрінудің сырымен бөліссе, достары мен әріптестері батырдың адами қасиеттерімен спорттағы ептілігіне тоқталады. Олар «небәрі 48 салмақтағы орташа бойлы жігіт алдына келген қарсыластарын оңайлықпен жеңетін»,-деп таңданысады. Фильм орыс тілінде. Продюсері Майра Қарсақбаева алдағы уақытта, міндетті түрде мемлекеттік тілге аударамыз,-деп отыр.