Айыртаулық диқандар биылғы егіс науқанына сәуірдің 20 да кіріскен. Ауданы бойынша осы жылы игерілетін алқаптың жалпы аумағы 396 мың гектардан асады. Қазір танаптарға бидай, күздік бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, бұршақ, жасмық, жүгері секілді масақ дақылдарымен қатар рапс, зығыр, күнбағыс сияқты майлы дақылдар себу қызу жүріп жатыр. Сондай агроқұрылымдардың бірі Лобанов ауылдық округіне қарасты Шалқар ауылында орналасқан «Klyuchi GCK» серіктестігі. Олар танапқа түрен тарту жұмыстарын сәуірдің 29 күні бастаған. Ауа-райы қолайлы болса,- егіс науқанын мамырдың соңына дейін аяқтаймыз дейді жер емген шаруалар.

Айыртау ауданындағы Шалқар ауылында орналасқан «Klyuchi GCK» серіктестігі қоймасының алыңында тау-тау болып үйілген мына астық, былтырғы жылғы орақ науқанының түсімі. Сақтаудан шығарылған тұқымдық дәнді-дақылдар қазір осы жерде дәріленіп танап басына себуге жөнелтілуде.

Виктория Кондратова – астық сақтау қоймасының меңгерушісі

Аталмыш серіктестіктің құрылғанына 30 жылға жуық. Меншіктетріндегі жер телімі 7 мың гектарды құрайды. Онда бидай, арпа, сұлы тектес дәнді -бұршақты дақылдар мен қатар, жасымық, зығыр, күнбағыс секілді майлы дақылдар себу мен де айналысады. Сондай-ақ агроқұрылым осы жылы тәжірибе ретінде 20 гектр аумаққа қант қызылшасын отырғызуды да қолға алған.

200 гектарды құрайтын бұл танапта қазір аралас жем себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шағын алқапқа серіктестік бір джондир себу кешенін жіберген. Бір техниканы екі механизатор ауысыммен мінеді.

Валерий Ноздрин -механизатор

Сәуірдің 22 де егіс науқанын бастап кеткен Айыртаулық диқандар бүгінгі күні жалпы аумақтағы жұмыстардың 25 пайызға жуығын орындаған. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарын осы айдың 25 не дейін толық аяқтау жоспарланған. Тек ауа райы кедергі келтірмесе болғаны.

Алтынбек Мағымов – Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жетекшісі

Биылғы көктем жылдағыдан ерте келді. Оның үстіне ылғалдың аздығынан топырақ құрғай бастаған. Сондықтан айыртаулық жер емген шаруалар көктемгі дала жұмыстарына ерте кірісуге мәжбүр болған. Шаруалар көктемгі егістік жұмыстарына қажетті тұқым, арзандатылған жанар-жағармай мен минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген.