Жыл басынан бері Петропавлда полицейлер абаттандыру қағидаларын бұзудың 2,5 мыңнан астам фактісін анықтады. Өзекті мәселелердің бірі — ірі көлемді қоқысты бейберекет тастау.
Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов учаскелік полиция инспекторларының халықпен жұмысын жеке бақылауда ұстайды. Профилактикалық жұмыс «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрақты түрде жүргізілуде.
Петропавл қаласындағы Болатбаев көшесінде тұрғындармен кезекті кездесу өтті. Полиция полковнигі Әлжанов, мүлік иелері бірлестігінің төрағасы және белсенді тұрғындар өзекті мәселені талқылады. Рейд барысында осы аулада ескі жиһаз бен пластик терезелерді тастау фактілері анықталды. Бір жағдайда полицейлер ескерту жасаса, екінші құқық бұзушыға айыппұл салынды.
СНХР: ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ — 1-ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ
Жыл басынан бері Петропавлда абаттандыру қағидалары мен аумақтарды санитарлық күтіп ұстау талаптарын бұзғаны үшін 2524 әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық жұмыс жалғасуда. Полицейлер атап өткендей, басты мақсат — жазалау емес, аулалардағы тазалық пен тәртіпті сақтау. Заң мен Тәртіп әр адамның жауапкершілігінен басталады.