ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026-2027 оқу жылына үміткерлерді іріктеуді бастады. 1 маусымға дейін жалғасатын науқанда биыл цифрландыру мен жасанды интеллект бағыттарына басымдық беріліп отыр. Академияның СҚО бойынша филиал директоры Лаура Қайыржанова биылғы бағдарламалардың ерекшелігі мен түсу талаптарына тоқталды.
Биылғы қабылдау науқанында 16 білім беру бағдарламасы ұсынылған. Оның ішінде «Іскерлік әкімшілендіру» және «Мемлекеттік сектордағы цифрлық талдау», «цифрлық мемлекеттік басқару» сияқты жаңа бағыттар бар. Академия талаптарына сай, үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі В1-ден төмен болмауы тиіс. Сондай-ақ, кейбір мамандықтардың оқу мерзімі 2 жылға дейін ұзартылды. Құжаттарды қабылдау толықтай электронды форматта жүргізіледі. Іріктеу екі кезеңнен тұрады: алдымен аналитикалық эссе жазып, кейін комиссия алдында офлайн сұхбаттан өту қажет.
СНХР: ЛАУРА ҚАЙЫРЖАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ