Петропавл қаласы хош иісі аңқыған жасыл желекке бөленуде. Алайда, көктем шыға сала гүлдеген ағаштардың күні қараң. Тұрғындар әдемі сурет немесе гүл шоғы үшін бұтақтарды аяусыз сындырады. Мұндай әрекет өсімдікті әлсіретіп, оның өмірін қысқартатыны анық. Сонымен қатар, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік те қарастырылған. 

Жайлы ортада өмір сүруді бәрі қалағанымен, іске келгенде ниет пен әрекет сәйкес келмейді. Кейбір тұрғындар «тәртіпті аула сыпырушы, әкімдік немесе еріктілер орнатуы тиіс» деп есептейді. Өкінішке қарай, қоғамда «мен емес, өзге істесін» деген масылдық психология әлі де басым.

СНХ: ТИМУР ЗВЕРЯЧЕНКО, ДЕНДРОЛОГ, ҒАЛЫМ

Жасыл желек қаланы шаң мен шудан қорғап, ылғалды сақтайтын табиғи сүзгі. Оған ұқыпты қарау қаланың көркі мен жайлылығына қосылған үлес. Ал этикалық нормалар сақталмаған жерде заң іске қосылады.

Қарағайлы аллея да айтарлықтай зардап шеккен. Мұнда «ниваки» ағаштары өсуі тиіс еді. Бірақ белгісіз біреулер бұл еңбекті еш қылған.

Снх: ТИМУР ЗВЕРЯЧЕНКО, ДЕНДРОЛОГ, ҒАЛЫМ

Мамандардың айтуынша, бұл әрекетті жасаған адам «көмектескім келді» деп ойлауы мүмкін, бірақ білместікпен зиянын тигізген. Дендрологтар үйренуге ниетті жандарға бағыт-бағдар беруге дайын. Есіңізде болсын, әрбір сынған бұтақ қаланың көркіне келтірілген сызат.