Петропавлдағы Оқушылар сарайындағы «Толағай» балалар театры көрерменге жаңа қойылым ұсынды. Бүгін өнер ұжымы «Әпке» спектаклінің премьерасын сахналады. Қойылымға қала мектептерінің оқушылары арнайы шақырылып, жас әртістердің өнеріне куә болды.
Дулат Исабековтің «Әпке» драмасы тағдыр тауқыметіне қарамастан бауырларына тірек бола білген Қамажайдың өмірін суреттейді. Басты кейіпкер ата-анасынан ерте айырылса да, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, бауырларына қамқор жан ретінде танылады. Қойылым барысында Қамажайдың өмірге құштар, мейірімді әрі жеке бақытынан отбасының амандығын жоғары қойған жан екені анық байқалады.
НҰРАЙ ҮСТЕМІРОВА, «ТОЛАҒАЙ» БАЛАЛАР ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ:
Қойылымды сахналауға театр ұжымы екі айға жуық уақыт жұмсаған. Ал спектакльдің жалпы ұзақтығы 1 сағат 20 минутты құрайды.
ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, «ТОЛАҒАЙ» БАЛАЛАР ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Театр ұжымының айтуынша, «Әпке» спектаклі алдағы уақытта да сахналанып, өнерсүйер қауымға қайта ұсынылмақ.