Бүгін Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда 5–6 сынып оқушыларына арналған республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы өтті. Зияткерлік сайысқа облыстық кезең жеңімпазы атанған 17 үздік оқушы қатысты. Жас дарындар 8 жалпы білім беретін пән бойынша өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Олимпиада тест форматында ұйымдастырылған. Әр пән бойынша қатысушыларға 30 сұрақ ұсынылады. Тапсырмалар оқушылардың теориялық білім деңгейін ғана емес, аналитикалық ойлау қабілетін, ұқыптылығын және уақытты тиімді пайдалану дағдыларын жан-жақты бағалауға бағытталған.
АЙСҰЛТАН МҰХАМЕТҚАЛИ, «ДАРЫН» МЕКТЕП - ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Жалпы, бұл білім сайысының алғашқы кезеңдеріне мыңға жуық оқушы қатысқан. Нәтижесінде үздіктер іріктеліп, бүгін шешуші кезеңде 17 оқушы бақ сынап жатыр. Өткен жылы солтүстікқазақстандық ұл-қыздар республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған. Биыл да жас дарындардан үлкен үміт күтіледі.
ИЛЬВИРА ІЛИЯСОВА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ
Білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар жеңімпаз атанып, арнайы марапаттарға ие болады.