Петропавл қаласындағы №29 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары аймақтық SKO Hub орталығына барып, Career Map кәсіптік бағдар беру бағдарламасына қатысты. Экскурсия барысында оларға IT және жасанды интеллект салаларындағы мансаптық мүмкіндіктер таныстырылды.

Экскурсия барысында қатысушылар креативті орталықтың тарихы мен қызметімен танысты. Олар орталықтың резиденттері және олардың ерекше жобалары туралы ақпарат алды.

СНЕЖАНА ГУБАЙДУЛИНА, КРЕАТИВТІ ОРТАЛЫҚТЫҢ МЕНЕДЖЕРІ

Кәсіптік бағдар берудің жаңа форматы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоба оқушылар мен студенттерді қазіргі заманғы IT мамандықтарымен таныстыруға бағытталған.

ДИЛЯРА ЕСКЕНДІР, ОҚУШЫ

Мұндай кәсіптік бағдар беру кездесулері аймақтың мектеп оқушылары мен студенттері үшін әр сәрсенбі сайын өткізіледі. Қатысушылар IT саласындағы қазіргі өзекті бағыттармен, білім беру бағдарламаларымен және болашақ мансаптық мүмкіндіктермен танысуға мүмкіндік алады.