Республикалық «Заң және тәртіп» бағдарламасын іске асыру аясында «Аға буынға қамқорлықпен: алаяқтықтың алдын алу және жеке қауіпсіздік» атты профилактикалық акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында үй-үйді аралау жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы мен облыстық Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – жалғыз тұратын қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың алаяқтық тәсілдері, жеке қауіпсіздік шаралары және құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу туралы ақпараттану деңгейін арттыру.

СНХР: ДАМИР АБДИН – ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Волонетрлер мен полиция өкілдері топтарға бөлініп, подъездерге ақпараттық буклеттер жабыстырды. Сондай-ақ белгіленген мекенжайлар бойынша жалғыз ілікті зейнеткерлерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға кең таралған алаяқтық схемалары туралы ақпарат беріп, жеке қауіпсіздік бойынша практикалық кеңестер ұсынып, арнайы ақпараттық жадынамалар таратты. Акция аясында жалпы саны 80 мекенжай қамтылады.

СНХР: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ – СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Мамандардың айтуынша қазіргі таңда интернет-алаяқтардың ең көп қолданатын тәсілі – телефон арқылы хабарласу. Олар өздерін коммуналдық қызмет мамандары, «Қазпошта» қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының өкілдері немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады. Алаяқтар тіпті бейнеқоңырау арқылы да хабарласуы мүмкін. Олар арнайы форма киіп, кез келген мемлекеттік немесе құқық қорғау органының қызметкері болып көрінуге тырысады. Тіпті жалған қызметтік куәліктер де көрсетуі ықтимал. Бірақ мұның барлығы – жалған. Сондықтан мұндай бейнеқоңыраулар мен бейнехабарламаларға сенбеу қажет.