Солтүстік Қазақстан облысында құны 53 млрд теңге болатын май экстракциялау зауыты салынады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 1400 тонна өнімді құрайды және 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Өткен жылдың қараша айында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған өңір делегациясы Қытай Халық Республикасына ауқымды жұмыс сапарымен барды. Бейжің мен Сиань қалаларында өткен іскерлік кездесулер мен технологиялық келіссөздер бүгінде оң нәтижесін беруде. Соның бірі - Ғабит Мүсірепов ауданында құрама жем зауытын салып жатқан «Kazmeel» серіктестігі мен қытайлық «XIYU AGRICULTURAL» корпорациясы арасындағы әріптестікті кеңейту туралы келісім. Берік ынтымақтастық аясында өңірде құны 53 млрд теңгені құрайтын май экстракциялау зауыты салынады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Болашақ кәсіпорын тәулігіне 1400 тонна өнім өңдеуге қауқарлы. Бұл - облыс үшін шикізат экспортынан дайын өнім шығаруға көшудің төте жолы. Жоба аясында 150 тұрақты жұмыс орны ашылады. Қытайға сапар барысында тараптар тек өндіріс емес, технология мен білім алмасу мәселесін де пысықтаған еді. Нәтижесінде компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жергілікті мамандарды халықаралық деңгейде оқытуды міндетіне алды.
ГЭ КАЙХУА, «BEIJING XIYU ZEHUA TRADING GROUP CO., LTD.» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, ҚХР:
Шетелде білім алған мамандардың алғашқы легі зауыт іске қосылған сәтте-ақ дайын кәсіби кадр ретінде еңбекке араласады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов маман даярлау ісінің аймақ болашағы үшін маңызын атап өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Айта кету керек, Ғабит Мүсірепов ауданында орналасатын май экстракциялау зауытының құрылысы 2028 жылы аяқталады деп жоспарлануда.