Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Биыл өңірде егін алқабы 4 миллион 300 мың гектарды құрайды. Сала мамандарының айтуынша, егіс науқаны мерзімге сай жүргізілуде. Қазірдің өзінде 700-ден астам гектарға егін егілген.

Биылғы егіс науқанының басты ерекшелігі – әртараптандыру. Дәнді дақылдар алқабы 100 мың гектарға қысқартылып, оның орнына майлы және мал азықтық дақылдардың көлемі артты. Қазіргі таңда 778 мың гектардан астам жерге егін егілді. Шаруалар қажетті техникамен толықтай қамтамасыз етілген. Дала жұмсытарына 10 мың трактор мен 1,5 мың заманауи егіс кешені жұмылдырылған. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да жоғары деңгейде.

СНХР: ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, мамыр және маусым айларында ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Сондай-ақ, мамырдың ортасынан бастап ауа температрасы 30 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Қазіргі таңда топырақтың ылғал қоры облыстың басым бөлігінде қалыпты деңгейде. Дегенмен, синоптиктер Есіл, Ақжар және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда ылғал тапшылығы байқалатынын ескертеді.

СНХР: ҚЫМБАТ МЕРҒАЛЫМОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жалпы, СҚО-да егіс науқанына жүйелі дайындық жасалған. Айта кетейік, өңірде дәлме-дәл егіншілік пен агродрондар сияқты цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде. Мұндай кешенді қолдау шаралары егін науқанының табысты болуына септігін тигізеді, дейді мамандар.