Айыртау ауданына қарасты Константиновка ауылында майданға аттанған жас жігіттің сүйіктісіне арнап тасқа қашап жазған хаты бүгінге дейін сақталған. Жүрекке әсер ететін бұл ерекше жәдігер – өткеннің үнін бүгінге жеткізген құнды естелік. Аталмыш тарихи орынға біздің түсірілім тобы арнайы барып қайтқан болатын. 

Жетпіс жылдан астам уақыт бойы жұрт көзінен тасада жатқан бұл тасты жергілікті тұрғын кездейсоқ тауып алған. Зерттеу барысында елді мекеннен соғысқа кеткен бірнеше азаматтың есімдерімен сәйкестік анықталған.

СНХР:  ИГОРЬ ЗАХАРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Осы тастың негізінде Константиновка елді мекенінде ескерткіш бой көтерді. Ол майданға аттанған барлық жауынгерлерге арналып, олардың ерлігіне тағзым ретінде орнатылған. Мектепте соғыс тарихына арналған шағын мұражайы да бар. Мұнда сарбаздардың хаттары, жеке заттары мен құжаттар жинақталған.

СНХР: ЗАМАНБЕК НАВИРАХЫН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

ЗАМАНБЕК НАВИРАХЫН,  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Жалпы, Константиновка елді мекенінен соғысқа 400-ге жуық азамат аттанған. Олардың 212-сі қанды майданнан оралмаған.