Петропавл қаласындағы №17 мектепте «Есірткіге қарсы мектеп: «Біз өмірді таңдаймыз!» ұранымен ауқымды іс-шара өтті. Жоғары сынып оқушылары спорттық эстафеталарға, футбол мен командалық жарыстарға қатысып, саламатты өмір салтын насихаттады. Спорттық іс-шараға барлығы 300 ұл-қыз қатысты.
Іс-шара салтанатты түрде ашылып, каратэ-до бойынша ел чемпиондары мен халықаралық турнирлердің жүлдегерлері көпшілікке өз өнерлерін көрсетті. Ауқымды іс-шараға барлығы 300 ұл-қыз қатысты. Сондай-ақ қатысушылар бой сергітіп, көтеріңкі көңіл-күй қалыптастыру мақсатында флешмоб биледі. Ойындар барысында оқушылар белсенділік танытып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ауқымды іс-шараға 8, 9 және 10-сынып оқушылары қатысты. Саламатты өмір салтын қолдайтын жастар түрлі спорт түрлерімен айналысып, өз жетістіктерімен ерекшеленіп жүр. Белсенді оқушылар спорт арқылы шынығып қана қоймай, өзара ұйымшылдық пен жігерлерін де көрсетті.
АЗАМАТ ТӨЛЕУХАН, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерді спортқа баулып, зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді. Іс-шара барысында жастар өз белсенділігі мен командалық рухын көрсетіп, марапатқа да ие болды.