Ақын, журналист қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Еслям Зікібаевтың туғанына 90 жыл толуына орай оқушылар арасында зияткерлік сайыс өтті. Білім мен зеректік сынға түскен додада жас өрендер тапқырлығы мен кітапқа деген қызығушылығын паш етті.

Облыс бойынша өткен іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен оқушылар бүгінгі білім бәйгесінде бас қосты. Жалпы сайысқа алты команда құрамында 36 оқушы қатысты. Қатысушыларға әдебиет, тарих және логика бағытында түрлі сұрақтар қойылып, олардың жылдам ойлау қабілеті сыналды.

СНХ: ХАВДОЛЛА БЕЙСХАН, ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Өңірімізден шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын сүйіп оқитындардың бірі — Зарина Галеева. Оның айтуынша, кітап адамға тәрбие мен рухани азық береді. Қазіргі таңда оқушының ерекше қызығушылықпен оқып жүрген шығармаларының бірі — Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы. Себебі шығармада отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтар терең суреттелген.

СНХ: ЗАРИНА ГАЛЕЕВА, 9 - СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Интеллектуалдық дода соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды.