Петропавлда халықаралық дәрежедегі спорт шебері, капитан Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан ҚР ҰҰ жеке-командалық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Сарбаздар арасындағы айбынды жарыстың ашылу салтанатына спорт ардагерлері, Азаматтың жақындары мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Азамат Нұрпейісов – спорт әлемінде есімі алтын әріппен жазылған тұлға. Ол кикбокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанып, Азия чемпионаты мен Әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған. Бүгінде оның есімі спорттық мансабымен ғана емес, Отан алдындағы адал қызметімен де қатар аталады.
СНХ: ЕРБОЛАТ ДҮЙСЕНБЕКОВ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫҒА ҰЛТТЫҚ ТӨРЕШІ
Республикалық деңгейдегі бұл турнирге Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарынан ең таңдаулы жауынгерлер жиналды. 60-қа жуық астам спортшы түрлі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасуда. Қатысушылар үшін бұл жай ғана жарыс емес, халықаралық деңгейдегі шебердің жолын жалғастыру – үлкен мәртебе.
СНХ: ИСЛАМ СЕЙДЕХАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Айта кетейік, батырдың рухын ұлықтайтын бұл жарыс осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі турнирдің мақсаты - әскерилер арасындағы шеберлікті шыңдап, халықаралық деңгейдегі саңлақтың ерлігін жас ұрпаққа үлгі ету.