Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінде СҚО – да киелі жерлердің топографиялық картасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба халқымыздың рухани әлемін жаңғыртуға бағытталған ауқымды бастама. Осы жоба негізінде картаға өңірдің 34 тарихи-мәдени ескерткіші енгізілді. Олардың қатарында мемориалдық кешендер, музейлер, мешіттер, шіркеулер және батырлар кесенесі енген.
Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архивінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында әзірленген жаңа топографиялық карта таныстырылды. Іс-шараның мақсаты өңірдегі тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттыру. Бұл жай ғана сызба емес, солтүстік өңірдің рухани дүниесі мен тарихының жаңа шежіресі.
Снх: СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Картаға енгізілген республикалық маңызы бар 6 нысан Петропавл қаласында орналасқан. Бұл өлке тарихының тереңдігін айғақтайды. Таныстырылымға тарихшылар, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олардың айтуынша, бұл карта туристік әлеуетті арттырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың туған жерге деген құрметін оятады.
Снх: ТІЛЕК АБДРАХМАНОВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
Іс - шараға қатысушы жастар үшін бұл үлкен танымдық мектеп. Болашақта бұл карта өңір тарихын зерттеушілер мен саяхатшылар үшін басты бағыт-бағдар болмақ. Тарихты тану ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты шарты.