"Заң мен тәртіп" -басты назарда. Мамыр мерекелері кезінде полиция күшейтілген қызмет атқару режимінде жұмыс істеді.

Рейдтік іс-шаралар мерекелік демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болды. Назарда маскүнемдер мен бұзақылар, бұрын сотталған азаматтар, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған өзге де тұлғалар болды.

Сот ерекше талаптар белгілеген үш қала тұрғыны алкоголь ішуге тыйым салуды бұзған. Тағы бір адам қорғау нұсқамасын бұзса, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тағы бір азамат тұрғылықты жерінде болмаған.

Полицейлердің басты міндеті — тәртіпсіздіктерге жол бермеу, алкоголь тұтынудың алдын алу, демек, ауыр салдарға әкелуі мүмкін жанжалдардың алдын алу.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылды. Облыс орталығының екі ойын-сауық мекемесінде 16 жастағы даяшылардың түнгі уақытта жұмыс істеу фактілері анықталды.

Бұл ойын-сауық мекемелерінің иелері мен кәмелетке толмаған қызметкерлердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер заңды өкілдерінсіз жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрмеуін еске салады.

СНХР: Жанат Мұстафина — Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелеріндегі тәртіптің сақталуына да ерекше көңіл бөлінді. Полицейлердің міндеті — мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

Бір түнгі рейд барысында полицейлер Петропавлда 72 түрлі құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 26 абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі және қоғамдық орындарда мас күйінде болған 12 жағдай бар. Сонымен қатар құқық қорғаушылар бұрын сотталған азаматтар мен алкогольді асыра пайдаланатын адамдарға 13 ресми ескерту шығарды. Полицейлердің күшейтілген профилактикалық жұмысы барлық мерекелік демалыс күндері бойы жүргізілді.