Қызылжар ауданының Чапаево ауылында мектеп директоры мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі нағыз жаңашылдықтың үлгісін көрсетіп жүр. Олар ескі мектеп парталарын өз қолдарымен заманауи жиһазға айналдырады. Жаңғырту жұмыстарын оқу орнының бір кабинетінде жүргізуде.
Жуырда Чапаево негізгі мектебіне жаңа парталар әкелінді. Оларды ауылға Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен жеткізген. Ал есептен шығарылған ескі жиһаздарды қоқысқа тастамай, жаңасына ұқсатып қайта жасап шыққан. Парталардың темір бөлігі бұрынғы қалпында қалдырылып, тек ағаш беті жаңартылды.
СНХ: АЛЬБИНА ӘСКЕРОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Парталардың биіктігін оқушылардың жасына қарай реттеуге болады. Олар 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға ыңғайланып жасалған. Бұл бастама табиғатты қорғауға да, қаржыны үнемдеуге де үлкен септігін тигізіп отыр.
СНХ: МҰХТАР СҮЛЕЙМЕНОВ – «ЧАПАЕВО НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ» КММ ДИРЕКТОРЫ
Жаңартылған парталар бүгінде оқушылардың игілігіне пайдаланылып жатыр. Олар бастауыш сыныптардың екі кабинетіне орнатылып, оқу процесінде сыналып үлгерді. Мұғалімдердің айтуынша, парталар ыңғайлы әрі оқушыларға қолайлы.