Қазіргі таңда дәстүрлі емес медицна қаншалықты алға басып келеді? Бүгінгі таңда балгер, бақсы, көріпкел, халық емшісі сынды азаматтардың қатары қалың. Әр біреуі жазылмайтын аурудан емдеп, жол ашып береміз дейтіндердің шеберлері. Мұндай емделу жолды  таңдайтындар саны көбеймесе, азаймай тұр. Бірақ, соңы еш жақсылыққа жеткізбейтіні де дәлелденіп келеді.

Дәстүрден тыс емделудің зияны жайлы Солтүстік Қазақстан облыстық медицина колледжінің студенттеріне ақпараттық сағат өткізілді. Кездесуге 100-ден аса бірінші курс студенттері қатысты. Жастарға  СҚО тұрғындары халық еміне сеніп, соңы өліммен аяқталған   оқиғалар жайлы баяндалды.  Ұйымдастырушылар жаңа ғана мектеппен қош айтысып келгендер осал топтарға жататынын атап өтті.

ЕКАТЕРИНА СТАРОСТИНА, «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Бүгінгі шара тақырбы «Петропавл қаласындағы діни ағымдағы деструктивті күштерді таратудың алдын алу»тақырыбында ақпараттық сағат өтеді. Жастарға діни ағымдардың дұрыс және бұрыс жағын жеткізуіміз қажет. Сонымен қатар, студенттік өмірі барынша қызықты, әрі мәнді өту үшін түрлі жастар орталықтары жайлы айтылатын болады.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар