Солтүстік Қазақстан облысында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалды. Тиісті өкімге өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қол қойды.
Жұмыс аптасы облыстық әкімдіктегі тағайындаудан басталды. Ерболат Бекшенов табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол 1973 жылы Тайынша ауданының Зеленый Гай ауылында дүниеге келген. Орталық Азия университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ауылдық округтер мен аудандарды басқарған, жер қатынастары басқармасында және ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс істеген.
СНХ:Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Ерболат Бекшеновтің басқарушылық тәжірибесі мол және табиғатты пайдалану мәселелерінен хабардар. Бұл қызметке дейін «Қызылжар су қоймалары» мекемесінің директоры қызметін атқарған. Өңір басшысы жаңа қызметіне кіріскен басшыға сәттілік тіледі.