Есләмбек Кәсенов Есіл ауданындағы Талапкер ауылында 1974 жылы дүниеге келген. Әкесі Болат марқұм саналы ғұмырын механизаторлық қызметке арнаған жан. Ес білгелі әкесінің жанынан бір елі қалмай өскендіктен бе Есләмбек те жастайынан техникаға, оның ішінде тракторға әуес болыпты. Бүгінде ол Мамлют ауданына қарасты Андреевка ауылындағы «Арқалық» шаруа қожалығында 20 жыл үздіксіз еңбек етіп келеді.
Есләмбек Болатұлының техникаға деген құштарлығы кішкентайынан оянған, тіпті бала күнімде сурет салғанда да көбіне тракторды бейнелейтінмін дейді бүгінгі жігіт ағасы. Бала кезінен техника меңгеруге машықтанған Есләмбек 1994 жылы әскерден келген ол Есіл ауданындағы Амангелді кеңшарына механизатор болып жұмысқа орналасады.
СНХ:ЕСЛӘМБЕК КӘСЕНОВ – МЕХАНИЗАТОР
Тоқырау жылдары Есләмбек тұрған Амангелді ауылын да айналып өткен жоқ. Өз өмірін ауылшаруашылығы саласымен тығыз байланыстырған ол сол шақта түтіні түзу ұшқан, болашағы бар деген ауылдардан жұмыс ізеді. Осылайша ол 2005 жылы Мамлют ауданына қарасты Андреевка ауылындағы «Арқалық» шаруа қожалығына жұмысқа орналасады.
СНХ:ЕСЛӘМБЕК КӘСЕНОВ – МЕХАНИЗАТОР
Есләмбек осылайша шөп жинау науқынанда бір ай сынақтан өтіп, өзінің күш-жігері мен төзімділігін көрсете білген басшылыққа.
СНХ:ЕСЛӘМБЕК КӘСЕНОВ – МЕХАНИЗАТОР
Жарамсыз деп танылған комбайнды таңдаудағы мақсаты қолынан іс келетіндігін, әрі техника тілін жақсы түсінетіндігін дәлелдеу болған. Есләмбектің алғашқы еңбек күні шабындық алқаптарындағы шашылған шөпті айырмен жинаудан басталса бүгінгі күні ол мұнда бетке ұстар механизаторлардың біріне айналды. Қуаттылығы мен өнімділігі жоғары мына алпауыт техниканы да Есләмбек тізгіндеп жүр.
СНХ:ЕСЛӘМБЕК КӘСЕНОВ – МЕХАНИЗАТОР
Биылғы көктемгі егіс науқаны басталған шақта толассыз жауған жаңбыр қожалық еңбеккерлеріне едәуір қолбайлау болды. Деседе олар дән сіңіру жұмыстарын толығымен аяқтап қазір шөп даярлау жұмыстарына кіріскен.
Есләмбекті сегіз қырлы бір сырлы жігіт десек артық айтқандық болмас. Қожалықта еңбек еткен жиырма жыл ішінде ол өзінің қандай маман екендігін, қандай еңбеккер екендігін, жалпы қандай азамат екендігін әр қырынан танытқан.
СНХ: АЙДОС ӘБІЛОВ – СЕРІКТЕСТІК АГРОНОМЫ
Механизатор мамандығы ауыл шаруашылығы саласында маңызды рөл ие. Бұл адамдардың еңбегі әрқашан бағаланып, құрметтелуі тиіс.