Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Әсем Рахметова М. Жұмабаев ауданына барып, тұрғындармен кездесіп, инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың іске асырылуымен танысты.
Депутаттардың өңірімізге жасаған сапар мақсаты-мемлекеттік және инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын зерделеу, халықпен кездесу, өзекті мәселелерді талқылау және заңнамалық қызмет үшін ұсыныстар жинау. Сенаторлар Ольга Перепечина мен Әсем Рахметованың ауданға жасаған сапары Булаевтағы мектеп-балабақшадағы жөндеу жұмыстарының барысын тексеруден басталды. Күрделі жөндеуге 135 млн теңге бөлінген.
СНХР: ЖАНАЙДАР ӘЛНАЗАРОВ, "БУЛАЕВ МЕКТЕП-БӨБЕКЖАЙ КЕШЕНІ"КММ ДИРЕКТОРЫ
Жұмыстар қазір 80% орындалған. Жөндеуді тамыз айының ортасына дейін толық аяқтау жоспарлануда. Сенаторлар білім беру инфрақұрылымының маңыздылығын атап өтіп, оқу орындарындағы заманауи және қауіпсіз жағдайлар білім сапасы мен оқушылардың жайлылығына тікелей әсер ететінін атап өтті.
СНХР: ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сенаторлар барған келесі нысан Советское ауылында салынып жатқан "СК АГРО 2050" ЖШС сүт-тауар фермасы болды. Жобақұны 6 млрд теңгені құрайды, оның 2,2 млрд-ы "Солтүстік"әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы арқылы қаржыландырылып отыр. Мұнда 20 жаңа жұмыс орны ашылады. 800 бас ірі қараға шақталған фермада жылына 400 тонна сүт өндіру жоспарлануда.
СНХР: НИКОЛАЙ КЛЕЙН, "СК АГРО 2050"ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Инфрақұрылымның дамуына және білім беру базасына инвестиция салуға қарамастан, аграрлық салаға білікті мамандар ағынынсыз тұрақты прогреске қол жеткізу қиын. Оны шешу үшін білікті мамандарды тарту қажеттілігін атап өтті өз сөзінде Ольга Перепечина.