Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өткен бір ай ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 17 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Естеріңізге салып өтсек, маусымның 1-нен қазанның 30-ына дейін өңірде «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Өткен бір ай ішінде 2 келі есірткі заты тәркіленді.
Маусымның 1-нен қазанның 30-ына дейін өңірде «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Бірінші айдың қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары шамамен 2 келі есірткі затын тәркіледі, оның 250 грамы — синтетикалық есірткі.
СНХР: Асқар Мұхаметқалиев —СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Күштік тәсілдермен қатар полицейлер Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды профилактикалық науқан өткізді. 26 мамыр мен 26 маусым аралығында 102 іс-шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студенттер қатысты.
СНХР: Асқар Мұхаметқалиев —СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
ҚР ІІМ жүзеге асырып жатқан «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы — бұл тек қылмыстық істер мен баптар емес. Есірткімен күресте заманауи қазақстандық полиция жазалау шараларымен ғана шектелмейді, керісінше, диалогқа, сенімге, профилактика мен ашықтыққа басымдық береді.