Облыс орталығында көлік қозғалысының артуына байланысты жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасы бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналды. Өңірде жыл басынан бері 242 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінішке қарай, адам өлімімен аяқталған жағдайлар да болды. Осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының 89 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Биылғы жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 242 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 16 адам мерт болып, 330 адам түрлі жарақат алған.
СНХР: ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілерінің мас күйінде рөлге отыру деректері де анықталуда. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында Айыртау ауданында «Саумалкөл–Новоукраинка» бағытындағы маршруттық автобустың жүргізушісі орташа деңгейде мас күйінде ұсталды.
СНХР: ӘЛІБЕК ҒАБДУЛЛИН, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Тәртіп сақшылары барша азаматтарды жолда мұқият болуға, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға шақырады.