Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқуды үздік бітірген түлектеріне салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл оқу орнын 1500-ге жуық студент аяқтады, оның 300-ден астамы - қызыл диплом иегері атанды.

Петропавлда М.Қозыбаев университетінің үздік түлектеріне дипломдар салтанатты түрде табысталды. Мерекелік іс-шарада СҚУ-нің басқарма төрағасы-ректор Ербол Исақаев түлектерді құттықтап, жарқын болашақ тіледі.

СНХ:ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ-ДІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - РЕКТОР


Манаш Қозыбаев университеті бүгінде – тек өңірдің басты жоғары оқу орны ғана емес. Университет халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді, соның ішінде Аризона университетімен бірлесіп жұмыс істейді және беделді әлемдік рейтингке енген.


СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Түлектерді билік, ғылым, мәдениет, білім және бизнес салаларының өкілдері де құттықтады. Олардың қатарында — ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Канн кинофестивалінің лауреаты Самал Есләмова, мемлекет және қоғам қайраткері Анатолий Башмаков, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бар. Министр құттықтауын бейнеүндеу арқылы жолдады.


Білім ордасын 1500-ге жуық түлек тәмәмды. Оның 316-сына қызыл диплом табысталды. Олардың қатарында «Qyzyljar» телеарнасының да қызметкерлері бар.


Диплом алған түлектерді алдағы уақтты жауапты ересек өмір, жаңа белестер, жаңа мақсаттар күтеді.