Петропавлда мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің 16 маманына арналған төрт күндік тәжірибе алмасу семинары өтті. Қатысушылар әлеуметтік және медициналық көмек көрсету саласындағы жаңа тәсілдерді меңгеріп, білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.

Семинарға 16 маман қатысты. Олар төрт күн бойы оңалтудың заманауи тәсілдерін үйреніп, тәжірибе алмасып, алматылық сарапшылардың жетекшілігімен жаңа практикалық дағдыларды меңгерді. Сарапшылар күнделікті жұмыста қолдануға болатын нақты тәжірибелермен, әдістемелік материалдармен және нақты жағдайларға негізделген мысалдармен бөлісті. Бағдарламада теориялық сабақтармен қатар, дамуында ауыр бұзылыстары бар балаларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға бағытталған практикалық тренингтер де қамтылды.

СНХ:МАЙРА СҮЛЕЕВА, «КЕҢЕС» КЕШЕНДІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ


Айта кетейік, «Кенес» орталығының мамандары бір жыл бойы Қазақстанның барлық өңірлерін аралап, осындай семинарлар өткізген болса, Петропавл – осы ауқымды оқыту бағдарламасының соңғы нүктесі. Семинарға қатысқан барлық мамандарға сертификаттар табысталды. Олардың қатарында – Надежда Язева да бар. Ол сегіз жылдан бері балалармен жұмыс істейді, Ал Петропавлдағы балаларды әлеуметтік қолдау орталығында жеті айдан бері жұмыс қызмет етеді. Бұл семинар кәсіби дамуы жолындағы маңызды кезең болды. Ол алған білімін күнделікті жұмысында қолдануға ниетті екенін айтты.

СНХ:НАДЕЖДА ЯЗЕВА, БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ


Бүгінгі таңда Петропавлдағы балаларды әлеуметтік қолдау орталығында 110 бала көмек пен оңалту шараларын алуда. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Орталық ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді қолдау көрсетіп, оларды дамытуға, оқытуға және қоғамға бейімдеуге жағдай жасайды.