Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Әсем Рахметованың Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Сапар аясында депутаттар Мағжан Жұмабаев ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында халықты толғандыратын өзекті мәселелер, соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала тақырыптары талқыланды.
СНХ:ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ауыл тұрғындары балалардың бос уақытын ұйымдастыру мәселесіне назар аударуда. Ауыл тұрғынының айтуынша, елді мекенде балаларға арналған ойын алаңдарының жетіспеушілігі өзекті проблемаға айналған.
СНХ:РАХАТ СМАҒҰЛОВ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Жиында көтерілген мәселелер арасында «солтүстік үстемеақысы» — солтүстік өңірлердегі еңбегі үшін жалақыға қосылатын пайыздық үстеме төлем тақырыбы өзекті болды. Тұрғындар климаттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескеретін арнайы аймақтық үстемақы беру бағдарламасы мен есептеу әдістемесін әзірлеуді ұсынды.
СНХ:ОЛЬГА ПЕРЕПЕЧИНА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жиында ауыл тұрғындары газдандыру мәселесін де көтерді.
СНХ:ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Сенаторлар өңірдің газдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып жатқанын айтты. Алайда олардың сөзінше, өңірге табиғи газдың келуі 2030 жылдан ерте күтілмейді.