С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Қазақстан халқы ассмблеясының отыз жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Ұйымдастырушы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «Ақсақалдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі. Жиынға ардагерлер, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қоғамдық, билік, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Облыстық кітапханада СҚО ҚХА ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған «мәнді, сәнді – мағыналы өмір сүріңіз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Сахна төріне қоғамдағы достық пен этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ардагерлерге Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

СНХ: ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ «АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ


Бұл ұйым еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Сондықтан Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету мақсатында аянбай еңбек еткен барша азамат құрметке лайық.

СНХ: ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ «АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ


Мерекелік іс-шара Ақан сері атындағы облыстық филармония өнерпаздарының ән мен биге ұласқан концерттік бағдарламасымен аяқталды.