Жыл басынан 1700 ден астам халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет корсету орталықтарына электронды түбіртек алған. Аталмыш мекемелерде қолданысқа енгізілген жаңа қызмет түрі талон алу үшін кезекте тұруды қажет етпейтін қылып оңтайландырды. Енді ЦОН-ға келген әр адам QR код арқылы өз кезегін тіркей алады.

Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық форматта яғни мобильдік қосымша арқылы 1 764 адам талон алған. Бұл қабылдау жүктемесін азайтуға және келушілерге қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беріп отыр қазіргі күні. Мобилдьдік қосымша арқылы алынған виртуалды талон қағаз талонының аналогы болып табылады. Виртуалды қызмет түрін смартфонға «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мобильді қосымшасын орнату арқылы пайдалануға болады. Әрі қарай қосымшаға кіріп, " Халыққа қызмет көрсету орталығы кезегіне Талон" функциясын таңдап, кейін QR кодтты сканерлеп, қажетті қызмет түрін белгілеген соң "Жалғастыру"түймесін басуыңыз керек.Осыдан кейін жүйе автоматты түрде виртуалды талонды қалыптастырады және келуші ақпараттық тақтада оның нөмірін көрсеткеннен кейін маманға бара алады.