10–12 шілде күндері аралығында Петропавлда Qyzyljar Music Fest – 2025 фестивалі өтеді. Үш күн бойы Орталық алаңда заманауи билер, әлемдік классика және эстрада жұлдыздарының орындауында әсем әндер шырқалады.

Фестивальдің ашылуы 10 шілдеде өтеді. Бұл күні сахна төріне Қазақстанның үздік би ұжымдары, оның ішінде брейкданс командалары шығады. Кештің хедлайнері — Париж Олимпиадасына қатысушы Амир Закиров.11 шілдеде көрермен алдында «Астана Опера» театрының артистері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар — америкалық бас Франко Риос-Кастро мен сербиялық опера жұлдызы Мария Йелич өнер көрсетеді. Фестивальдің ақтық кезеңі 12 шілдеге жоспарланған. Кештің басты жұлдызы — қазақ эстрадасында хит әндерімен танылған әнші Sadraddin болады.Фестиваль ашық аспан астында және тегін өтеді. Ал тікелей эфирді күн сайын сағат 19:00-де біздің телеарнадан тамашалай аласыздар.