13 шілде күні Петропавл қаласының негізі қаланғанына 273 жыл толады. Бұл – жай ғана атаулы күн емес, сонымен қатар тарих парақтарына көз жүгіртетін маңызды күн. Облыс орталығында өңір тарихының түрлі кезеңдерін қамтып, құнды жәдігерлерді жинақтап отырған басты мәдени мекеме – Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Мұнда шаһар тарихынан сыр шертер экспонаттардың түр түрі бар.
Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі – өңірдегі ең көне мәдени мекемелердің бірі. Былтыр оның құрылғанына 100 жыл толды. Мұнда ежелгі көшпенділердің өмірі, Қазақ хандығының құрылу кезеңі мен XVIII ғасырдағы Петропавл қаласының келбеті туралы мол мағлұмат алуға болады
СНХР: ИРИНА АШРАПОВА – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ
Музей қорында өлкеміздің тарихынан сыр шертетін 350 мыңнан астам жәдігер сақталған. Олардың арасында ерекше, сирек кездесетін экспонаттар да аз емес.
СНХР:ИРИНА АШРАПОВА – ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ
Музей дүйсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 10:00 - нан 18:00-ға дейін жұмыс істейді. Экскурсияға алдын ала жазылу қажет.