Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына орай тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті. Жарыс әртүрлі жастағы, ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігі ортақ жандарды біріктірді.
Тоғызқұмалақ – жай ғана үстел ойыны емес. Бұл – қазақ мәдениетінің бір бөлігі, логика мен төзімділікке, стратегиялық ойлауға негізделген зияткерлік сайыс. Әуесқойлар арасында өткен қалалық турнирде жас мөлшеріне шектеу қойылған жоқ. Іс-шараны ұйымдастырған Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығы. Басты мақсат – ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықты артыру және дамыту, жастарды қазақ халқының дәстүрлеріне баулу.
СНХР: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА, Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушысы
Жарыс төрелігін ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері атқарды. Мұндай турнирлер әуесқойлар үшін жиі ұйымдастырылады. Бұл жолы сайысқа мектеп оқушыларынан бастап студенттерге дейінгі 20-ға жуық адам қатысты.
СНХР: СВЕТЛАНА МАЯЦКАЯ, турнирге қатысушы
Турнир қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.