Су – тіршілік көзі. Ал сол байлықты үнемдеп, ел игілігіне жаратып жүрген мамандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. 9-шы шілде – су шаруашылығы саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Бұл күні бірқатар маман марапатталып, құрметке бөленді.

9-шы шілде - елімізде Су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Айтулы датаға орай бірқатар маманның еңбегі еленді. Сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аталған мамандықтың маңыздылығына тоқталды.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Шара барысында су шаруашылығы саласының бірқатар маманына мемлекеттік наградалар берілді. Соның бірі - Сайран Ысқақов. Азаматқа өңірдегі су инфақұрылымы мен пайдалануына қосқан елеулі еңбегі үшін III дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордені табысталды. Маманның бұл салада жұмыс істеп жүргеніне 20 жылдан асыпты. Бүгінде "Қызылжар су" серіктестігінің жөндеу-механикалық шеберханасының шебері қызметін атқарады.

СНХ:САЙРАН ЫСҚАҚОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС ЖӨНДЕУ-МЕХАНИКАЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫНЫҢ ШЕБЕРІ


Сонымен қатар, су шаруашылығы саласында қажырлы қызмет еткен 6 азаматқа өңір басшысы Құрмет грамотасы мен алғыс хат табыс етті. Шара барысында облыс әкімі алдағы уақытта Ойқала шағын ауданында резервтік сорғы станциясын салу жоспарланып отырғанын айтты.