Жаз – балалар үшін ерекше демалыс пен сауығу кезеңі. Солтүстік Қазақстан облысындағы «Берёзка» сауықтыру лагері – жүздеген балаға шаттық сыйлап отырған демалыс орны. Мұнда әр маусымда 200-ге жуық бала демалады. Лагерьге өңірде жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев барып, балалардың жайлы демалысы үшін жасалған жағдаймен танысты.

«Берёзка» сауықтыру лагері – көптен бері балалардың сүйікті мекеніне айналған орын. Жолдамалар бірер күнде-ақ сатылып кетуі – соның айғағы. Мұндағы жайлы тұрмыс жағдайы, мазмұнды бағдарлама мен табиғаттың көркем келбеті балаларды баурап, ата-аналар үшін сенімді таңдау болып отыр.

СНХР: ЕЛЕНА МИРОЕДОВА, ЛАГЕРЬ ДИРЕКТОРЫ


Мұнда жыл сайын материалдық-техникалық база жаңартылып отырады. Жаңа маусым басталар алдында асхана, жуыну бөлмелері мен жатын корпустарға жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа баннерлер ілініп, қажетті құрал-жабдықтар толықтырылды.

СНХР: СЕРІК ЕГІЗБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ


Мәжіліс депутатының айтуынша, әрбір балаға бақытты балалық шақ сыйлауға тырысуы керек. Себебі дәл осы кезеңнің естеліктері өмір бойы есте қалады.