Бүгін елімізде су шаруашылығы қызметкерлері күні. Мерекеге орай Президент сала мамандары мен ардагерлерге «Парасат», «Құрмет», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. Сондай-ақ бірнеше жұмысшыға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Жиында Мемлекет басшысы су қауіпсіздігі Қазақстанның орнықты дамуына әсер ететін негізгі мәселеге айналғанын атап өтті. Сондай-ақ су дипломатиясын күшейтуді қолға алу керек. Трансшекаралық өзендер бассейніндегі суды тиімді пайдалану жүйесін жолға қою үшін көршілес мемлекеттермен ықпалдастыққа мән берген жөн, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
СНХ:ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Мемлекет басшысы 2023 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғанын еске салды. Бүгінде мамандар саны артты. Жұмысшылардың жалақысы былтыр 25 пайызға өсті. Биыл тағы 50 пайызға дейін көтеру жоспарланып отыр. Дейтұрғанмен халықтың тіршілігін, егіннің берекесін, қалалардың келешегін қамтамасыз етіп отырған жұмысшылар бүгін алғаш рет жоғары марапат иеленді.
СНХ:РАУШАН ЖАЙСАМБЕКОВА - «ҚАЗАҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» ЖШС БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
СНХ:ҚАЙЫРБЕК КӨШЕКПАЕВ - ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ «ҚАЗСУШАР» РМК «ЕСІЛ СУ» ФИЛИАЛЫНЫҢ УЧАСКЕ БАСТЫҒЫ