Тайынша қаласында "Ақ бидай" жазғы облыстық спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті. Өңірдің барлық аудандарынан мыңға тарта спортшының басын тоғыстырған спартакиада спорттың 13 түрін қамтиды. Салтанатты жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ,-бұл – өңір спортын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады,- деді.

Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жиынның ашылуы ерекше сән-салтанатымен есте қалды. Театрландырылған көріністер мен өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы көрерменге ерекше әсер қалдырды.

"Ақ бидай" спортакиадасы саламатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттаудың жарқын үлгісі. Сонымен қатар бұл – ауданаралық байланыстарды нығайтып, достық пен ынтымақты дамытуға бағытталған ауқымды бастама.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Жалпы, жарысқа мыңға тарта спортшы қатысып жатыр. Олардың ішінде ең көп спортшы Есіл ауданының командасында. Ондағы спортшылар саны 117. Бұл көрсеткіш Есілдік спортшылардың белсенділігін және жарысқа жоғары дайындықпен келгенін аңғартады.

СНХ:ТАМЕРЛАН АДЫРБАЙ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ


 "Ақ бидай" жазғы спартакиадасы осымен 45-ші мәрте өткізіліп отыр. Ауқымды спорттық іс-шара алғаш рет 1980 жылы Мамлют ауданында ұйымдастырылған болатын. Содан бері жыл сайын әр ауданда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.


СНХ:БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ


Тайынша қаласында өтіп жатқан бәсекелі дода шілденің 12-і өз мәресіне жетеді.


СНХ:АЛЕКСАНДАР КУШЕНОВ, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ТӨРЕШІ


Спартакиаданы тамашалауға жиылған көрермен мен жанкүйерлер қарасы қалың. Оларға көркемөнерпаздар коцерттік бағдарлама ұсынып сайыс ажарын аша түсті.