Владимир Шустов атақты «Приказ вернуться живым» телехикаясының түсірілімінен жуырда ғана оралды. Актер Кеңес Одағының батыры Семен Толмачевтің рөлін сомдады. Фильм екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларының басынан өткен қиындықтары мен сұм соғыстың зардабын суреттейді. Сондай-ақ, соғыс жылдары мен одан кейінгі  өмірді  көруге болады. Арада 70 жыл өткен соң достар Жеңіс күні мейрамында кездеседі. 

Гримнің арқасында актер 90 жасар ақсақалға айналып шыға келді.   Алдын ала құрастырылған сценарлық мәтін болмағандықтан, айтатын сөзіңді табан астында құрастыру қажет еді.  Жерлесіміздің талантының арқасында картина ойдағыдай шықты. Бір апталық қиын да қызықты түсірілімді артқа тастаған Владимир Шустов Петропавлға келе сала ота жасату үшін дереу емханаға жатқызылды. 

Қазақстандық режиссер Алексей Горлов актерді басқа жанрдағы киноға түсуге шақырамын,- деп уәде беріпті. Ал, әзірге Владимир Ефремовичті басқа жұмыстар күтіп тұр. Жақын арада ол жаңа спектакль қоюға кіріседі. Жалпы, осы күнге дейін режиссер 30-дан астам қойылым шығарып, он шақты рөл сомдаған. 

 

Фариза ЖАЗИТОВА