5 маусым – экологтар мен табиғат жанашырларының кәсіби мерекесі. Бұл күн 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып бекітіліп, жыл сайын әлемнің көптеген елдерінде аталып өтеді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысында «Жасыл маршрут: экологиялық қалаға жол» атты экологиялық шара ұйымдастырылды. Оның мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғауға үндеу.
Іс-шара барысында қатысушылар алдымен Экология департаментінің зертханасына экскурсия жасады. Мұнда мамандар қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жұмыстары туралы айтып, заманауи зертханалық құралдардың қызметін таныстырды. Жастар ауа, су және топырақ сапасын анықтауға арналған зерттеу әдістерімен танысты.
СНХР: ИГОРЬ ГАХ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Тәжірибелік бөлімде қатысушылар атмосфералық ауадағы зиянды заттардың мөлшерін анықтайтын газталдағыш құрылғының жұмысын бақылады. Мамандар ауа сапасын бақылаудың маңызын түсіндіріп, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы істер туралы ақпарат берді.
СНХР: ЮЛИЯ КОНИНА, №32 МЕКТЕПТІҢ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Шара соңында жастар «Қаланың жасыл картасы: күнделікті өмірдегі экодағдылар» атты интерактивке қатысты. Экологиялық викторина мен түрлі тапсырмалар арқылы қатысушылар өз білімдерін толықтырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Ұйымдастырушылар,- табиғатты аялау әр адамның күнделікті әдетінен басталуы керек,-дейді.