Петропавл қаласындағы №4 орта мектеп базасында «Құқықтық мемлекетті дамытудағы Конституцияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Кездесу Қазақстан Республикасы Конституциясын насихаттау және «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – педагогтардің құқықтық мәдениетін арттыру, білім алушыларды азаматтық-құқықтық тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру және Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру. Басқосуға аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскерлері мен ұстаздар қатысты.
СНХР: НАТАЛЬЯ БЫВАЛЬЦЕВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ» КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Кездесу барысында құқықтық тәрбие, балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Спикерлер Конституцияның құқықтық мемлекеттің берік негізі екенін атап өтті.
СНХР: ӘСЕЛ ЖАМБАЕВА, ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ
Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде қатысушылар өзара пікір алмасып, құқықтық сананы қалыптастырудың тиімді тәсілдерін ортаға салды. Сондай-ақ азаматтық жауапкершілік пен конституциялық құндылықтарға арналған шағын дебаттар ұйымдастырылып, интерактивті форматтағы жұмыстар жүргізілді. Қатысушылар мұндай кездесулер педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырып, олардың құқықтық мәдениетін дамытуға ықпал ететінін ортаға салды.