Конституция – мемлекетіміздің мызғымас тірегі, халық үшін басты бағдар. Негізгі заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заңға құрмет, табиғатты аялау, отансүйгіштік, еңбекқорлық, білім мен ғылымға, жоғары технологияларға ұмтылу қағидаттары бекітілген.
Сонымен қатар Конституцияда елдің аумақтық тұтастығын, жерін, егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы екені айқын көрсетілген. Солтүстікқазақстандықтар заңнамадағы жаңартуларды уақыт талабына сай қабылданған маңызды қадам деп санайды.
ЖАНАТ ЖҮСІПОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ