Петропавл қаласының орталық алаңында терек мамығының көбеюіне байланысты профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шара барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жаз мезгілі келісімен қаланы басқан терек мамығы өрт сөндірушілер үшін үлкен уайым. Рейд барысында мамандар саябақты аралап әрбір тұрғынға өрттің алдын алу шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді.

БОЛАТ ОСПАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Рейд кезінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға ақпараттық жаднамалар таратты. Сондай-ақ мамандар әр азаматпен жеке тілдесіп, өрттің алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.

ИЛЬЯ КОРОЛЬ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Құтқарушылар тұрғындарды терек мамығын өртемеуге және ашық отты пайдалануда сақ болуға шақырады. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.