Өңірімізге жұмыс сапарымен ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов келді. Ол «Qyzyljar creative center» қабырғасында өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Бүгінде Қазақстанда 5 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралы тіркелсе, соның 100-ге жуығы біздің облыста шоғырланған. Өңірдегі 600-ге жуық тарихи ескерткіштердің 9-ы республикалық маңызға ие. Қанат Ысқақов аймақтың цифрландыру саласындағы жетістіктерге жоғары баға беріп, елдегі тұңғыш цифрлық музейдің дәл осы өңірде ашылуы соның дәлелі екендігін тілге тиек етті.
СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ