4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай, Сабит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханада мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы танымдық ақпарат берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздер тақырыбындағы кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфир форматында өтіп, көрермендер онлайн түрде қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесуге спикер ретінде Лорд мектеп-лицейдің география және тарих пәнінің мұғалімі Аян Ұлан қатысты. Ол мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихына тоқталып, 1992 жылы өткен республикалық байқау туралы баяндады. Оның айтуынша, байқауға жүздеген ту мен елтаңба нұсқалары ұсынылып, олардың ішінен бүгінгі таңда қолданылып жүрген мемлекеттік рәміздер таңдалған. Сондай-ақ спикер Елтаңбадағы шаңырақ, уықтар мен бес жұлдыздың мән-мағынасына тоқталып, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін реттейтін заңдар туралы айтып берді.

СНХР: АЯН ҰЛАН, ЛОРД МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ