Жаңа Конституцияның қабылдануы - Қазақстан Республикасы тарихының жаңа кезеңін айқындайтын саяси маңызы жоғары оқиға. Негізгі Заңда мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен жалпыұлттық мұраттар толық көрініс тапқан. Елдің аумақтық тұтастығы, егемендігі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде заң жүзінде бекітілді.

Конституциялық нормаларға сәйкес, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың қасиетті міндеті. Осыған байланысты, мемлекеттік рәміздерді ұлықтау - отансүйгіштік пен патриоттық сана-сезімнің негізгі өлшемі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы Конституциялық реформаның қабылдануы заң үстемдігін нығайтып, ел дамуына жаңа құқықтық серпін беретініне сенімді.

СНХ: ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ