ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында тағылымды әрі танымдық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысып, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы мол мағлұмат алды.
Викторина мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, балаларға жастайынан еліміздің басты рәміздерінің мәні мен шығу тарихын таныстыру аса маңызды.
СНХ: ГҮЛЖАУҺАР ЖАҚАН, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫСЫ
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері арнайы әзірлеген зияткерлік ойындар мен танымдық тапсырмалар ұйымдастырылды. Балалар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады.
СНХ: ДИАНА АВВАКУМОВА, 1-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Бұдан бөлек, шығармашылық шеберлік сағаты өтіп, қатысушылар мемлекеттік рәміздер бейнеленген түрлі қолөнер бұйымдарын жасады.