Киіздің жұмсақ талшықтарының астарында тұтас бір халықтың тарихы жатыр. Бұл көне материал Ұлы дала көшпенділерін жылумен қамтамасыз етіп, бүгінге дейін қазақ мәдениеті мен ұлттық жадының ажырамас бөлігі болып келеді. Петропавлдық Айжан Даирова осы ежелгі дәстүрді жалғастырып, қарапайым қой жүнінен өткен мен бүгінді байланыстыратын нағыз өнер туындыларын жасап жүр. 

Киізден киіз үйдің жабдықтары, киім-кешек, аяқ киім және тұрмыстық заттар жасалған. Адамның күнделікті өмірінде маңызды орын алған бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, анадан қызға, әжеден немереге беріліп отырған. Айжан Даирова да осы қолөнермен алғаш рет бала күнінде танысыпты.

СНХР: АЙЖАН ДАИРОВА, КИІЗ БАСУ ШЕБЕРІ

Айжан өз шеберханасында еңбек етумен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен көркемсурет лицейінде сабақ береді. Онда шәкірттеріне киіз басудың қыр-сырын үйретіп, ұлттық қолөнердің құндылығын насихаттап келеді.

СНХР: АЙЖАН ДАИРОВА, КИІЗ БАСУ ШЕБЕРІ

Айжан Даирова үшін киіз – жай ғана материал емес. Ол – тарих, шығармашылық пен қазақ халқының рухын тоғыстыратын ұрпақтар сабақтастығы. Оның шеберханасында көркем паннолар мен кілемдерден бастап ұлттық киім үлгілеріне дейін түрлі бұйымдар дүниеге келеді.

Айжан Даирова көне технологияларды заманауи идеялармен шебер ұштастырып келеді. Оның еңбегі халық қолөнерінің бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын дәлелдейді.