Қызылжар ауданындағы «Серебряный бор» білім беру және сауықтыру орталығында жаңа жазғы маусым өз жұмысын бастады. Заманауи кешен бір ауысымда 80 баланы қабылдауға қауқарлы. Оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу үшін мұнда арнайы бағдарламалар әзірленген.
Аталған орталықтың салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің дайындаған флешмобтарын ұсынып, әуезді әндерін шырқады. Айта кетейік, мұндағы әр ауысым 10 күнге созылады. «Серебряный бор» орталығында Қызылжар ауданының жеткіншектерімен қатар, Петропавл қаласы мен облыстың өзге де аудандарынан келген 7-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары демала алады.
СНХР: АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Орталықта әрбір оқушыға танымдық әрі қызықты бағдарламалар қарастырылған. Оның ішіне түрлі мәдени іс-шаралар, шеберлік сабақтары, зияткерлік ойындар мен қызықты дәрістер енеді. Қазіргі таңда лагерьде 4 жасақ құрылған. Әр жасаққа тәжірибелі тәлімгерлер мен олардың көмекшілері бекітілген.
СНХР: АЙНҰР МАЛИКОВА, ТӘЛІМГЕР
Биылғы маусымда орталық аумағында киіз үйлері бар этно-аймақ, эко-фотоаймақ ашылған. Мұндағы әр күн жеке тақырыпқа, атап айтқанда: экологиялық, туристік, лингвистикалық және шығармашылық бағыттарға арналған. Күндіз танымдық іс-шаралар өткізілсе, кешкісін көңілді би кештері ұйымдастырылады.
СНХР: АННА ЖАЛКИНОВА, ОҚУШЫ
Демалыс орнының жоспары мұнымен шектелмейді. Алдағы уақытта, нақтырақ айтсақ 7-ауысымда, аталған орталық «Дарын» мамандандырылған мектебімен бірлесіп, ерекше зияткерлік маусым өткізуді көздеп отыр.