М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде бос жұмыс орындарын ұсынатын «Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараны Жастар ресурстық орталығы, Қоғамдық даму және ақпарат орталығы мен Мансап орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Жәрмеңкенің басты мақсаты – жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін таныстырып, кәсіби бағдар беру. 

Аталған бос орындар жәрмеңкесі студенттерге арналған. Мұнда жастар жұмысқа орналасу жолдары бойынша кеңес алып, түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдерімен тілдесті. Іс-шараға психологтар, заңгерлер және әртүрлі ұйымдардың мамандары қатысып, студенттердің сауалдарына жауап берді.

СНХР: АЙНҰР СӘРСЕНБАЕВА, СҚО ІСБ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Мұндай ауқымды бос орындар жәрмеңкесі еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылуда. Іс-шара жастардың қызығушылығын тудырды. Олар акция арқылы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысты. Әсіресе, бұл жоғары оқу орнын тәмамдайтын түлектер үшін жұмыс берушілермен тікелей байланыс ортанытуға мүмкіндік береді.

СНХР: КАРИНА МЕЙРАМ, СТУДЕНТ

Жәрмеңке аясында 150-ге жуық азаматты жұмыспен қамту көзделген. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.